Бүгін Ақтөбе қалалық көпсалалы балалар ауруханасында медицина қызметкерлеріне арналған пациентке бағытталған кеңес беру әдіснамасы және коммуникативтік дағдыларды дамыту тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – медицина қызметкерлерін пациентпен серіктестікке негізделген қарым-қатынас жүргізуге үйрету, олардың қажеттіліктері мен сезімдеріне назар аудару арқылы тиімді әрі адамгершілікке сай көмек көрсету.
Пациентке бағытталған тәсіл – бұл тек диагноз қою мен емдеуді ғана емес, сонымен қатар пациенттің уайымын, сенімін, таңдауларын ескеруді білдіреді.
Семинар барысында нақты клиникалық жағдайлар мысалында тәжірибелік тапсырмалар орындалды.
Осындай тренингтер пациенттің қауіпсіздігін, қанағаттануын және ем нәтижесін жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.