Сізді ШЖҚ «Көпсалалы қалалық балалар ауруханасының» ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.
Біздің аурухана – бұл заманауи стационар, мұнда жыл сайын мыңдаған бала мен жасөспірім ем қабылдайды. Біз педиатрия, неонатология, неврология және балалар медицинасындағы басқа да бағыттар бойынша көмек көрсетеміз. Басты мақсатымыз – баланың денсаулығы.
Тәжірибелі дәрігерлер, заманауи жабдықтар және үнемі жетілдіріліп отыратын емдеу әдістері арқасында біз жоғары деңгейде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеміз. Біздің команда – өз ісіне берілген, білімді әрі кәсіби мамандар.
Біз күн сайын балалардың саулығы мен ата-аналардың тыныштығы үшін жұмыс істейміз.
Сайттан келесі ақпараттарды таба аласыз:
 бөлімдердің жұмысы
 көрсетілетін медициналық қызметтер
 қабылдау және жатқызу тәртібі
 стационарға жүгіну ережелері
Біздің аурухананың есігі әрқашан ашық!
Баршаңызға зор денсаулық, ал балаларымызға амандық тілейміз!

Тазалық әркімнен басталады: балалар ауруханасында «Таза Қазақстан» аясында сенбілік өтті

1 сәуір күні Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Медициналық ұйым ұжымы аумақты абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысып, санитарлық тазалау жүргізді, іргелес аумақтар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын ретке келтірді. Қызметкерлер кішкентай пациенттер мен олардың ата-аналары үшін таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлестерін қосты.