• Главная
    •   
    • О нас
    • Отделения
    • Новости
    • Гос услуги
    • Контакты
  • KZ
  • ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
{poster}

Ақтөбеде балалар денсаулығын сақтау мәселелері талқыланды

Новости (KZ)

Облыстық перинаталдық орталықта өткен жедел кеңес барысында Ақтөбе қаласындағы Көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері мекеменің жұмысы бойынша есеп беріп, салалық педиатриядағы негізгі мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынды.

Бас дәрігер өз баяндамасында профилактикалық жұмысты күшейту, учаскелік дәрігерлердің онкологиялық қырағылығын арттыру және емханалық буын мен стационар арасындағы өзара байланысты нығайту қажеттігін атап өтті.

Соңғы айларда онкологиялық және күрделі созылмалы аурулары бар балалардың кеш жүгіну жағдайлары жиілеген. Көп жағдайда ата-аналар алғашқы медициналық көмекті емханадан емес, бірден стационардың қабылдау бөліміне жүгініп алады.
«Бұл – бастапқы буындағы жұмыстың әлсіздігін көрсетеді. Біз учаскелік қызметті нығайтып, науқастарды мамандарға уақтылы бағыттауды қамтамасыз етуіміз керек. Бұл аурудың нәтижесіне тікелей әсер етеді», – деді дәрігер.

Сондай-ақ, ИВБДВ стратегиясы аясында дәрігерлерді үздіксіз оқытудың маңыздылығы атап өтілді.
«Әрбір медицина қызметкері науқасты жүргізудің стандарттарын нақты білуі, қауіпті белгілерді уақытында танып, тиісті әрекет етуі қажет. Біз тек емдеумен емес, аурудың ауыр түрлерінің алдын алумен де айналысуымыз керек», – деп қосты ол.

Бас дәрігердің ұсыныстары денсаулық сақтау басқармасының басшылығы тарапынан қолдау тапты. Кеңес қорытындысы бойынша қалалық педиатриялық қызметті күшейту және учаскелік дәрігерлер үшін қосымша оқыту бағдарламаларын енгізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

  • Дата: 20.07.2025
  • Просмотров: 0
О развитии детской медицины в Актобе: представлены итоги работы городской детской больницы
О развитии детской медицины в Актобе:
07.07.2025, Новости
Благодарность
Благодарность
07.07.2025, Новости
Ақтөбе қалалық көпсалалы балалар ауруханасында пациентке бағытталған кеңес беру әдісі бойынша семинар өтті
Ақтөбе қалалық көпсалалы балалар ауруханасында
20.07.2025, Новости (KZ)
В МГДБ прошел семинар по анализу газов крови и КЩС у детей
В МГДБ прошел семинар по анализу газов крови и
01.04.2025, Новости
МГДБ-да балалардағы қан газдары мен КШС талдау бойынша семинар өтті
МГДБ-да балалардағы қан газдары мен КШС талдау
20.07.2025, Новости (KZ)
Главный врач

Головырина Наталья Петровна




Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні | Гимн Республики Казахстан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы | Флаг Республики Казахстан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы | Герб Республики Казахстан

© 2025

Быстрый вход

Используйте социальные сети для быстрой регистрации и авторизации.

google
ВКонтакте
Создать аккаунт / Регистрация
Авторизация

Я забыл свой пароль