Қайырлы күн! Қалалық балалар ауруханасына алғысымызды білдіргіміз келеді. Әсіресе, бөлім меңгерушісі Прмаханова Ляззат Қайыровнаға және Абаева Жанар Абдығалиқызына ерекше алғысымызды білдіреміз. Жанарға жеке тоқталғым келеді. Мен перзентханадан кейін бірден баламмен бірге билирубинге байланысты ауруханаға түстім. Өзімді өте нашар сезіндім. Сол кезде Жанар түні бойы баламмен айналысып, қасымнан бір елі кетпеді. Бөлімдегі басқа балалар да көп болса да, барлығына үлгеріп, шын ықыласпен көмектесті. Сізге үлкен рахмет!
Сондай-ақ Дощанова Сание Пангереевнаға да алғысымыз шексіз. Осындай жауапты, жүрегі жұмсақ, мейірімді дәрігерлер көп болсын дегіміз келеді.
Қалалық балалар ауруханасының медициналық қызметкерлеріне кәсібиліктері үшін шын жүректен алғысымызды айтамыз.
Орынбасар, Базарбек, Ықылас, Ыдырыс, Жиенғали есімді балалардың анасы