Біз, Айқаракөздің ата-анасы мен жақындары, Ақтөбе қалалық балалар клиникалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Аққалаев Дастан Сағидоллаевичке, дәрігер-реаниматолог Баймурин Айбек Аманкуловичке және жансақтау бөлімінің барлық дәрігерлері, медбикелері мен санитаркаларына, дәрігер Ляззат Кайыровнаға шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Туғанына небәрі 19 күн болған сәбиді аман алып қалғаны үшін сіздерге деген ризашылығымыз шексіз. Ең қиын сәтте кәсіби біліктіліктеріңізді, шапшаң шешімдеріңізді және мейірімді жүректеріңізді көрсете отырып, періште сәбидің өмірі үшін аянбай күрестіңіздер. Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында біз ең қымбат жанымызды бауырымызға басып отырмыз.
Ақ халатты абзал жандарға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен береке тілейміз. Адам өмірін арашалап жүрген қасиетті еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалана берсін!
Ізгі ниетпен : Айқаракөздің папа-мамасы, жақындары.