{poster}

ШЖҚ «Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» МКК еңбек ұжымында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен кезекті таныстыру жұмысы жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты – қызметкерлердің лауазымдық және функционалдық міндеттерін орындау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға және жол бермеуге бағытталған Кәсіпорын қызметіне арналған ұсынымдар жүйесін қалыптастыру және енгізу.