{poster}
8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Головырина Наталья Петровна және кәсіподақ комитеті аурухананың ардагерлерін құттықтады.
Көпжылдық еңбегі мен денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін ардагерлерге сыйлықтар табысталып, жылы лебіздер мен шынайы алғыс сөздер айтылды. Оларға зор денсаулық, амандық және көктемгі көңіл күй тілейміз.