{poster}
Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Ұжымға жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөзін аурухананың бас дәрігері Наталья Петровна Головырина айтты. Ол қызметкерлерге өз ісіне адалдығы, кәсіби шеберлігі және жас ұрпақтың денсаулығын сақтау ісіне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Іс-шара барысында үздік қызметкерлер алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Кәсіподақ комитеті мүшелерінің күшімен дайындалған шағын концерт мерекелік көңіл күй сыйлады.
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміз — Қазақстанымыз өркендеп, нығая берсін!